Следующая страница «Мамандықты дұрыс таңдау – болашақтағы табыстың кепілі»Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Алтай ауданының Алтай қаласында орналасқан СӨБ-2 қызметкерлерінің мектеп түлектерімен кездесуі өтті.Өрт сөндіру-құтқару бөлімінің мамандары болашақ талапкерлерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясында білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды.Кездесу барысында құтқарушы мамандығының болашақтағы негізгі аспектілері жан-жақты талқыланды:оқуға қабылдау тәртібі;нормативтік талаптар;оқу және тұру жағдайлары;кейінгі жұмысқа орналасу;қызметтің жеңілдіктері мен артықшылықтары.Құтқарушы мамандығын таңдау – бұл Отанға және адамдарға қызмет етуді таңдау, жауапкершілікке, ерлікке және нағыз жетістіктерге толы жол!